7.03.2019, 10:53
Оқылды: 28

Сырымдық әнші көп балалы жанұяға көмектесті

Сырым ауданы Жымпиты ауылында «Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы аясында жергілікті әнші Нұртілеу Болаттың «Менің аппақ анам-ау!» атты қайырымдылық ән кеші өтті.

  nurtileui bolat (2)                       

             Нұртілеу Болат – өңірімізге танымал жас әншінің бірі. Оның репертуарындағы «Оралымсың менің!», «Қарындас», «Еркем», «Менің аппақ анам-ау!» сияқты әндері жастар арасында жақсы тыңдалымға ие. Республикалық музыкалық сайттарда көп жүктелетін әндердің қатарында. Кешегі кеште әншінің «Мейірімді Алла» атты жаңа әнінің тұсауы кесілді. Туындының әнін Ерғанат Кеңесбекұлы, ал сөзін ақын Серік Қалиев жазған.

             Ән кешінде Нұртілеуден бөлек сахнадағы әріптестері Бекей Қанатов, Гүлсезім Қуанышқалиева, Мерей Амангелдиев сияқты әншілер, айтыс ақыны Бауыржан Ширмединұлы, шоумен Мержан Аманқұлов және Жымпиты халық театрының әртістері, үлгілі «Аружан» би ансамблінің бишілері өнер көрсетті.

             Сырымдық әншінің үш жылдан кейінгі концертіне тыңдарман қауым көп келді. Олар бір жағынан сүйікті әншілерінің әнін тыңдаса, екінші жағынан қайырымдылық шараға үлес қосты. Концерттің билеттерін сатудан түскен және қайырымдылық жәшігіне жиналған қаражат Алғабас ауылындағы көп балалы Ешмаховтар жанұясына табыс етілді. Осы қаржыға төрт бала тәрбиелеп отырған жас жанұяның баспанасына көгілдір отын тартылатын болады.

IMG_6856 nurtileui bolat (1) nurtileui bolat (3) nurtileui bolat (4) nurtileui bolat (5) nurtileui bolat (6) nurtileui bolat (7)

Б.Шерім,

Сырым ауданы

 

© zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале