24.06.2019, 18:57
Оқылды: 105

Сырымдық бишілер 77 ансамбльдің арасынан бірінші орынға ие болды

Үлгілі «Аружан» би ансамблі Нұр – Сұлтан қаласында өткен «Viva Astana» халықаралық байқау фестивалінде І орынға ие болды, деп хабарлайды Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының басшысы Айнұр Мұхамбетжанова.

IMG-20190624-WA0036

«Аружан» байқауда «Дала сазы» биімен өнер көрсетті. Белгілі хореограф Айнагүл Сарғозиеваның шәкірттерін кәсіби мамандар мен елордалық көрермен жоғары бағалаған.

IMG-20190624-WA0037

Айта кетейік, «Viva Astana» халықаралық фестивалінде хореграфия аталымы бойынша еліміздің өңірлерімен қоса Ресей Федерациясы мен Қырғызстаннан келген жалпы саны 77 би ұжымы бақ сынаған. «Аружан» солардың арасынан үздік шықты.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале