13.05.2019, 12:37
Оқылды: 56

Сырымдық дзюдошылар спорт шебері атанды

Сырымдық дзюдошылар Нұрсұлтан Мырзахметов пен Мерей Бердіғали дзюдо күресінен ҚР Спорт шебері атанды.

IMG-20190506-WA0048

         Айта кетейік, Нұрсұлтан Мырзахметов кешегі айда Павлодар қаласында өткен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Б. Сейсенбаевты еске алуға арналған ХХІІ халықаралық дзюдо турнирінде 73 келі салмақ дәрежесі бойынша І орынды иеленген еді. Ал Мерей Бердіғали мамыр айының басында Қазақстан Республикасының ашық турнирінде 90 келі салмақта ІІ дәрежелі жүлдегер атанды. Осы жетістіктері арқылы екі балуан да дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шебері деген атаққа ие болып отыр.

         Нұрсұлтан мен Мерей күрес әліппесін сырымдық жаттықтырушы Айбол Оразғалиевтің қазақ күресі үйірмесінен үйренді. Қазақ күресі, самбо секілді күрес түрлерінен де республикалық деңгейде жақсы нәтиже көрсеткен олар дзюдан да ешкімге дес бермейтінін дәлелдеп отыр. Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің түлектері бүгінгі күні Алматы қаласында спорт және туризм академиясында оқиды.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20190506-WA0047

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале