14.11.2019, 12:08
Оқылды: 222

Сырымдық кәсіпкер өзі оқыған мектепке татами алып берді

Сырым ауданының Қособа ауылдық округінде әр жылғы мектеп бітіруші түлектердің, жекелеген азаматтардың туған жеріне көңіл бөлуі дәстүрге айналып келеді. Бұл - қуанарлық жағдай.

syrym (2) 

Күні кеше жеке кəсіпкер Нұржан Абдрахманов өзі бастауыш білім алған Қособа мектебіне сыйлық жасады. Ол Сырым аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ауылдағы "Еркін күрес" үйірмесінің тəрбиеленушілеріне 30 шаршы метр аумақты қамтитын 15 дана татами сатып алып, ауылға өз күшімен жеткізіп берді. Боз кілемдері бүтінделген балғындардың қуанышында шек жоқ.

Айта кетейік, балаларды еркін күреске ардагерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жəне қола жүлдегері Жұмағазы Андиров жаттықтырып жатыр.

Сағынбай Бөпенизов

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале