26.10.2020, 22:23
Оқылды: 106

Сырымдық кейуананы құттықтай барды

Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов, Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұханов Қайырымдылық айлығы аясында Қосарал ауылында тұратын 107 жасар кейуана Қамида Несипованы құттықтай, арнайы барды. Басшылар ғасырдан астам жасап келетін ғибратты ғұмыр иесіне қамзол мен жаулық жапты, тәтті-дәмділерді ұсынды.

IMG_5324
Жылқышының жары, күні бүгінге дейін газет-журнал оқып, іс тігіп келген әжейдің есту қабілеті нашарлапты. Сөзі, әңгімесі дұрыс. Сәби күнінде әке-шешеден ерте қалып, жетімдіктің, одан кейін жесірліктің тауқыметін тартқан Қамида әже: "Осылайша ұзақ жасаймын деп ойламаппын. Аллаға да, адамға да өкпем жоқ" дейді. Ұлы Талап аға мен келіні Бақытмарал ападан әлсін-әлсін: "Сөзім жөн бе, шатасып отырған жоқпын ба?" деп сұрайды екен.
Арнайы атбасын тіреп барған ел ағаларына кейуана ақ батасын беріп, шығарып салды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG_5333

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале