8.02.2019, 17:13
Оқылды: 22

Сырымдық қожалық бау-бақша дақылын өсіруге қайтарымсыз қаржы алды

Бұл жайлы Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев халық алдындағы есептік кездесуінде баяндады.

syrym (6)

-Сырым ауданында шағын және орта бизнес саласында 1239 шаруашылық субъекті тіркелген. Онда барлығы 2 280 адам жұмыс жасайды. Мемлекет тарапынан жаңа жобаларды қолдауға 102 кәсіпкерге шағын несие ұйымы арқылы 492,2 млн  теңге несие беріліп, 4 36 жұмыс орны ашылды.

Биыл «Жібек жолы» шаруа қожалығы автокешен құрылысын аяқтайды. Аудан орталығынан асхана ашу, «Sinool» авто жанар-жағар май кешенін салу, Алғабас ауылынан құс фермасын ашу, «Көшімбет» ШҚ Алғабас ауылдық округінен қымыз, шұбат өндіруі жоспарлануда. Аталған жобалар жүзеге асса биыл 65 жұмыс орны ашылатын болады.

Сондай-ақ, «Уайс» қожалығы 3 млн. теңге қайтарымсыз грант алып, гидропон әдісімен жасанды ортада бау-бақша дақылдарын және құс өсірумен айналыспақ,- деді Т.Төреғалиев.

WhatsApp Image 2019-02-08 at 00.40.09

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале