5.08.2020, 9:10
Оқылды: 30

Сырымдық қыздар дес бермей тұр!

Ақжайық аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, "Жігер" спорт клубы, аудандық мешіттің ұйымдастыруымен ерлер (5 км) және әйелдер (3 км) арасында онлайн жүгіруден ашық біріншілік өтті.

B0D1C2F5-77AD-4070-A7C5-CF29E236397F

Ұйымдастырушылар кез келген жүгіруге арналған қосымшалардағы, спорттық сағаттардағы нәтижелер бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша, Сырым ауданының атынан қатысқан Ботагөз Аманғалиева | орынға лайық деп танылса, Нұргүл Жоламанова ||| орынды иеленді.

Айта кетейік, қос арудың осы уақытқа дейінгі жетістіктері де жетерлік.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, Ақжайық аудандық мешітінің естелік сыйлықтарымен марапатталмақ.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале