10.10.2017, 18:01
Оқылды: 36

Сырымдық мұғалім «2017 жылдың үздік педагогы» атанды  

Сырым ауданы әкімі Төлеген  Төреғалиев «2017 жылдың үздік педагогы» атанған Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжан Тұржігітованы қабылдады.

Гүлжан Қуандыққызы ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтен алған «Үздік педагог» куәлігі 21 жылдық ұстаздық өтіліндегі ең үлкен жетістігі екенін айтты. «Бұл жетістікке қол жеткізуіме бірден-бір себеп – шәкірттерім»,-деді  Г.Тұржігітова.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Зәмзагүл Ерғазиева Г.Тұржігітованың еңбек жолымен, жетістіктерімен, білім додаларында оқ бойы озық көрініп жүрген шәкірттерімен таныстырды. Н.Оразахынованың  сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша тәжірибесін тарату мақсатында брошюралар шығарылды. Г.Тұржігітова – «Қазыналы Қадыр әлемі» атты Қадыр Мырза Әлінің  шығармашылығын оқытудың тәрбиелік мәнін ұғындыратын әдістемелік кітаптың авторы.

«2017 жылдың үздік педагогы» атағына республика бойынша 48 ұстаз ие болса, оның 4-еуі өңірімізден. Тамыз айында үздік ұстаздардың жұмысы республикаға жіберіліп,  қыркүйек айының соңында қорытындыланды.

 Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале