18.02.2019, 12:55
Оқылды: 63

Сырымдық оқушы республикалық ғылыми байқаудан жүлделі оралды

Қ.Мырзалиев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы, сырымдық Шадияр Елеубаева Алматы қаласында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасындағы республикалық ғылыми жобалар байқауында ІІ орынға ие болды. Бүгін мектеп директоры Марат Ақбасов бастаған топ жүлдегерді Орал теміржол бекетінен салтанатпен күтіп алды.

shadiyar (1)

         Шадияр Елеубаева республикалық ғылыми жобалар байқауына «Дүние жүзі тарихы. Адам. Қоғам. Құқық» секциясы бойынша қатысқан. Жетекшісі Гүлдана Нұғманованың айтуынша, жас ғалымның ҚР азаматының жеке конституциялық құқықтарына қол сұқпаушылық жөніндегі жобасы Қазақстандағы жетекші университеттердің педогог-ғалымдары тарапынан жоғары бағаға ие болған. 27 оқушының арасынан жүлдегер атанған сырымдық оқушыға ҚР Білім және Ғылым министрі Е.Сағадиевтің атынан диплом берілді.

         Айта кетейік, Шадияр осыған дейін Ақтөбе қаласында ҚР кіші Ғылым академиясы ұйымдастырған ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанған болатын.

shadiyar (2) shadiyar (3)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале