11.12.2018, 12:13
Оқылды: 21

Сырымдық өрен Түркияда өнер көрсетеді

Алматы қаласында өткен «Мен де жұлдыз боламын!» атты республикалық балалар шығармашылығы байқауында қособалық Айым Талаптан Гран-При иегері атанып, Түркияға жолдама алды.

 IMG-20181210-WA0023

Айым Талаптан Қособа мектебінде даярлық сыныбында оқиды. Жақұт Әмірғалиева тәрбиелейтін балғын әнші осыған дейін «Тіл тұтастық туы» атты облыстық тіл айлығы шеңберінде өткен «Бала тілі – бал!» айдары бойынша жүлдегер атанған болатын.

«Мен де жұлдыз боламын!» жобасының авторы Лариса Мақсатқызының айтуынша, Айым Талаптан осы желтоқсан айының 14-18 күндері Түркияның Анкара, Стамбул және Сакарья қалаларындағы концерттерде өнер көрсетеді.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале