15.02.2019, 21:58
Оқылды: 39

Сырымдық Рафхат кіші қажылыққа барады

Күні кеше сырымдық оқушы Рафхат Қайыржановтың ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен Қазақстан халқы БҚО Ассамблеясы қазақ-вайнах «Достық» клубы ұйымдастырған оқушылар арасындағы Құранды жатқа оқу жарысында І орынға ие болғанын хабарлаған болатынбыз.

IMG-20190215-WA0070

Бүгін Құран сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстың орталық мешітінде, жұма намазының алдында марапатталды. Сырымдық болашақ қари Рафхат Қайыржановқа БҚО-ның өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов Ұмраға, яғни Сауд Арабиясындағы Мекке мен Мәдине қалаларына кіші қажылық сапарын жасауға жолдама берді. Жолдаманы ҚМДБ Батыс Қазақстандағы өкілдігі мен  «Assalam» компаниясы ұсынған.

IMG-20190215-WA0069

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале