16.01.2018, 12:01
Оқылды: 26

Сырымдық саз мектебі сайыстан табыспен оралды

Сырым аудандық балалар саз мектебінің оқушылары «Қазақстан таланттары» І республикалық рухани-патриоттық байқауының облыстық кезеңінен табысты оралды.

Аталмыш мектептің директоры Серік Сарғозиевтің айтуынша,  «Қазақстан таланттары» шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырған байқауға облыс орталығы мен аудандарындағы өнерпаз оқушылар қатысқан. Солардың арасынан, дәстүрлі ән орындаушы Әмина Мералы, күйшілердің ішінде Әзілхан Амандық, Дінмұхамед Құмарғали және жас скрипкашы Әмина Серғалиева үздіктер қатарынан көрінді. Байқаудағы жеңімпаздардың қатарын сырымдық жас фортепианошылар бастады.

Сүлеймен Нұржан, Жаннұр Мағжанова, Аружан Ғаниева, Ақниет Бітімғали, Іңкәрсезім Нұржанова, Нұрасыл Өтебасов, Айдана Шайдуллина, Камила Ниязғалиева сияқты жас пианистердің өнерін кәсіби музыканттар биік бағалап, жеңіске лайық деп таныды. Оларға «Қазақстан таланттары» шығармашылық дамыту орталығы мен шараның ресми қолдаушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі, республикалық ғылыми-педагогикалық «Алаш ұстазы» әдістемелік журналы және «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалы атынан марапат қағаздары табыс етілді. Сонымен бірге оқушыларға жетекшілік еткен Марлен Ихсанов, Айгүл Сапарәлиева, Дархан Қажығалиев және Әсел Бисенғалиева ұйымдастырушылардың атынан арнайы алғыс  хат алды.

«Қазақстан таланттары» І республикалық рухани-патриоттық байқауының облыстық кезеңінің лауреаттары мен дипломанттары кеше аудандық балалар саз мектебінде өнер көрсетті.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале