1.06.2020, 14:53
Оқылды: 426

Сырымдық ұстаздар оқу озаттарын үйлеріне барып құттықтады 

1 маусым балаларды қорғау күніне орай Сырым ауданы Өлеңті ауылындағы Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің директоры Нұржауған Құлмұханова бастаған бір топ ұстаздар қауымы 2019-2020 оқу жылында үлгілі тәртібі мен мектепті үзді аяқтаған 84 озат оқушының үйлеріне барып арнайы құттықтап, тәттілер сыйға тартты.

498FB60E-4203-4EFE-8BA2-9A43C44842AF

Аталмыш мектеп-балабақша кешенінің кураторы Назгүл Мұстафиеваның жетекшілігімен «Жеңіс туы желбіре» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілген байқауға Диляра Исламғали, Оразбек Сырымбек, Ерболат Нұрасыл, Әли Кенжебай, Аяш Дәулет қатысып, әр номинация бойынша жүлделі орындардан көрінсе, Ақбота Ширмедин «Көркемсөз» номинациясы бойынша бас жүлде иегері атанды.

87A2CE61-358E-4D50-B8E7-BB1A0834947B

Бір үйден қос немересі оқу озаты болған сүйікті әже, ардагер-ұстаз Алмажай Бисенбиева елді жайлаған індетке қарамай, балаларды мейрамдары қарсаңында қуантып келген ұстаздар қауымына алғысын білдіріп, батасын берді.  

A60E97E2-D313-4C93-B26F-9A31FCE01AE4

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы        

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале