31.10.2019, 17:04
Оқылды: 137

Сырымдық жас педагогтар чемпионатта жеңіске жетті

Сырым ауданының жас педагогтарынан құралған «Элита» тобы Орал қаласы, Х. Доспанова атындағы №30 мектепте өткен І облыстық педагогикалық кейстер чемпионатында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды топтың мүшесі, Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұлдыз Қуандық.

syrym (1)

Жұлдыз Қуандықтан бөлек, топ қатарында Сырым мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжанат Бақытжанова, Ж.Досмұхамедов атындағы мектептің физика пәнінің мұғалімі Әспембет Қайыржанов, Бұлдырты мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жасқанат Несіпқалиев, педагог-психолог Іңкәр Қадырова секілді жас педагогтар болған.

syrym (2)

Чемпионат төрт аймақ бойынша өткен. «Креатив» аймағында командалар әдістемелік алаңда қысқа мерзімді сабақ жоспарын тексеріп, өзгеріс енгізсе, «Сын тұрғысынан ойлау» аймағында қатысушылар мектеп өмірінде кездесетін жағдаяттарды шешуге өз ұсыныстарын ұсынған. Сынып жетекшілерінің біліктілігін «Персоналды басқару» аймағы сынаса, топтардың ұйымшылдығы, ұйымдастыру қабілеті «Адамдармен өзара іс - қимыл» аймағында танылған.

Айта кетейік, «Элита» тобы 14 команданың арасынан үздік шығып отыр.

«Сырым елі»

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале