24.04.2017, 16:12
Оқылды: 41

Сырымдық жастардың «Өрле, ауылым» жобасы жүзеге асуда  

 

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мемлекеттік жастар саясатының аймақта жүзеге асырылуы және жастар арасындағы құқық бұзушылықтаң алдын алу бағытында жұмыстануда. 


Бұл бағытта «Өрле, ауылым» жобасы аясында саройлық жастармен кездесу өтті. Кездесу барысында жастар ресурстық орталығының кеңесші маманы С.Ихсанов аудандағы жастар саясатының жүргізілу бағыты, ауданда жүзеге асырылатын жаңа жобалар мен бастамалар жөнінде баяндап өтті.

Жиынның күн тәртібінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру шаралары жөнінде Сырым аудандық ІІб ЖПҚ КТІЖ инспекторы, полиция лейтенанты Н.Кабиев баяндады.

Аудан жастары арасындағы ахуал қалыпты. Дегенмен оларды толғантатын басты мәселе - жұмысқа орналасу. Оқу орындарын бітірген жас мамандарды тұрақты еңбекке араластыру әлі де қолдауды қажет етеді. Жастарға көрсететін мемлекеттік қолдау жөнінде «Жұмыспен қамту» орталығының маманы М.Жукей хабарлама жасады.

Жиын аяқталған соң «Қайсар» спортклубының ұйымдастыруымен шағын футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Үміт Жәңгірова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале