11.02.2019, 15:21
Оқылды: 20

Сырымдық жүргізушілер қайырымдылықпен айналысуда

Сырымдық такси жүргізушілері ай сайын қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды қолға алды.

jurek

         Екі айдың ішінде, Жымпиты-Орал бағытында жолаушы тасымалдайтын көліктердің иелері қаржы жинап, ақылы емге жолданған 2 тұрғынның жол және медициналық шығындарын төлеуге көмектескен. Бұдан бөлек, қайырымды жүргізушілер аудан орталығында тұратын 3 жанұяны бір айлық азық-түлікпен қамтамасыз етіпті.

         -Айналамызға қарасақ, көмекке мұқтаж адамдар көп. Біреулер қаржысы болмағасын дәрі-дәрмегін уақтылы сатып ала алмайды, ал бір жанұялардағы балалардың басқалар сияқты тәтті жегісі келеді. Біздің мақсатымыз сондай жандарға қолымыздан келгенше көмек көрсету. Қайырымдылық, көмек дегенде әріптестеріміз тартынып жатқан жоқ. Әркім өз әлінше үлес қосып жатыр. Қайырымдылық шараларын үзбей, тұрақты түрде жасап отыруға ниеттіміз,- дейді такси жүргізушісі, шараны ұйымдастырушылардың бірі Батырхан Нұқиев.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале