21.08.2018, 11:06
Оқылды: 21

Сырымдықтар айт тойлауда

Сырым ауданының орталық мешітінде айт намазы оқылды. Намазға жиналған жамағатты Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Намаздан кейін орталық мешіттің ауласында «Сырым» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы және «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесіне орай жергілікті жамағат арасында қол күресі, кір тасын көтеру, арқан тартыс секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Сырым аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Абдолла Оңаев марапаттады.

Сырымдықтар қасиетті мейрамды жанұя болып, ауыл болып тойлап жатыр. Бүгіннен бастап әрбір үйде құрбандық астары берілуде. Осындай асқа аудан кәсіпкерлері де дайындалып жатыр.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы

IMG_1120

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале