19.06.2017, 11:12
Оқылды: 20

Сырымдықтар «ЕХРО-2017» көрмесіне барды

sirim ekspoОсыдан апта бұрын Сырым ауданынан Астана қаласына «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмені тамашалау үшін делегация аттанды деп хабарлаған болатынбыз. Құрамында аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, жастар және мектеп оқушылары бар осы делегация сапарларын сәтті аяқтап, елге келді. Оларды Орал теміржол бекетінен жерлестері салтанатты түрде қарсылады.


Делегация Астана қаласына 3 бірдей күнін арнаған. Осы уақыт ішінде олар үшін елорданың ірі мәдени орындарымен танысуға әрі қаланың көрікті жерлерін аралауға мол мүмкіндік болды. Қала қонақтарының негізгі назары «Астана ЕХРО – 2017»  халықаралық мамандандырылған көрме кешенінде екені белгілі. Кешенге бүгінгі күні Қазақстанның Ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және ұжымдық павильондар, сауда-көңіл көтеру объектілері орналасып үлгеріпті.

Астана қаласындағы «ЕХРО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесімен танысуға мүмкіндік ұсынғаны үшін делегация мүшелері Сырым ауданы әкімдігіне шынайы алғыстарын білдіруде.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале