10.07.2020, 9:32
Оқылды: 100

Сырымға бір дана оттегі концентраторы келді

Сырым ауданының орталық ауруханасына 1 дана оттегі концентраторы келді. Жасанды тыныс алу аппаратын ауданға «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы алып беріп отыр.

7C2B8723-DFF2-49D8-8E29-E0360A419260

Аппаратты Сырым ауданының әкімі, "Nur Otan" партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Төлеген Төреғалиев табыс етті.

Қазір Сырым ауданының орталығы Жымпитыда коронавируске шалдыққандар үшін 30 адамдық провизорлық бөлім ашылды. Бөлімге оттегі концентраторлары керек дегенді естіген халық пен елден шыққан кәсіпкерлер, волонтерлар қаражат жинап, аппарат сатып алуға жұмыстанып жатыр. Қомақты көмек осылардан болайын деп тұр.

7FDD0A69-2ED9-464A-B68E-A29455284D46

Айта кетейік, бүгін аудандық орталық аурухананың директоры Роза Тахамбетова провизорлық бөлімдегі 4 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратының көмегіне мұқтаж екенін хабарлаған еді.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Суреттерді түсірген

Жұлдыз Әлпееова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале