14.12.2017, 22:53
Оқылды: 82

Тəуелсіздік күніне орай Ақобада спортзал пайдалануға берілді

IMG-20171214-WA0257Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Жәнібек ауданының Ақоба ауылындағы Х.Халиуллин атындағы мектептің жанынан спортзал салынып, пайдалануға берілді.

Биылғы тамызда құрылысы басталған бұл нысан 4 айдың ішінде аяқталды. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мамандарының мәліметінше, нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 61 миллион 891 мың теңге қаржы бөлінген. Ауылдағы спортзалдың ашылу салтанатында аудан әкімі Азамат Сафималиев жиналған жұртшылықты құттықтап сөз сөйледі.

– Ақоба ауылында көптен күткен спорт нысаны іске қосылып отыр. Ғимарат құрылысын Есқайыр Елемесов жетекшілік ететін «Символ» ЖШС құрылысшылары аз уақыттың аралығында бітіріп, пайдалануға берді. Жаңа спорт залдың ішінде жастар алаңсыз жаттығып, жаңа спорттық жетістіктерге жете берсін деген тілек білдіремін, - дей келе аудан басшысы аталған серіктестік басшысы Есқайыр Елемесовке Алғыс хат табыстады. Азамат Сафималиұлы, сондай-ақ аудан әкімдігі атынан жаңа спортзалға теннис үстелі мен спорттық құралдарды тарту етті.

IMG-20171214-WA0256Салтанатты шарада ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Мұрат Мұхамбетқалиев осындай сапасы мен сәні келіскен спорт нысанын салуға зор қолдау көрсеткен облыс, аудан әкімдеріне және «Символ» ЖШС басшысы мен құрылысшыларына ризашылығын жеткізді. Жаңа нысанның тұсаукесерін аудан әкімі мен ауыл ақсақалы Есенболат Хасенов қиған соң  жұртшылық спорт залға еніп, қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы аудандық ашық турнирді тамашалады.

Нұрымбек Жапақов

Жәнібек ауданы

IMG-20171214-WA0251 IMG-20171214-WA0249

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале