15.12.2016, 18:42
Оқылды: 36

Тәуелсіздікке – тағзым

tauelsizdik_syrymТәуелсіздіктің мерейлі 25 жылдығына орай Сырым ауданында ұйымдастырылған салтанатты шараларға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов арнайы  келіп,  қатысты.

Өңір басшысының орынбасары Алаш мұражайының көне жәдігерлерімен танысты. Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы  орта мектепке арнайы ат басын бұрған Марат Лұқпанұлына  Қадырдың көрмесін, Қадырдың сыныбын оқушылар таныстырды. М.Тоқжанов салтанатты түрде «Жас ұланға» және «Жас қыран» ұйымына өткен оқушыларды құттықтап, оларға салтанатты түрде галстук пен белгі тақты.

Аудандық мәдениет үйінің фойесінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай кітап көрмесі,  ауданның және ауылдық округтердің егемендік жылдарындағы тынысын ауылдық округ әкімдері таныстырды.

Салтанатты  мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжанов пен облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева қатысты. Аудан әкімі Абат Шыныбеков баяндама жасап, ауданның Тәулесіздіктің даңғыл жолында жасалып, тарих беттерінде қатталған толағай табыстары мен игілікті істерін атап, сырымдықтырды торқалы тоймен құттықтады.

Марат  Тоқжанов  Сырым ауданының халқын Тәуелсіздіктің 25  жылдығымен құттықтап, ауданның өрістеп-өркендеуіне үлесін қосқан  жандарға Президентіміздің жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалін және Батыс Қазақстан облысының «Құрмет грамотасын»  табыс етті.

Сырым ауданының әкімі А.Шыныбеков «Сырым ауданы әкімінің құрметті азаматы» атағы берілген Әнуарбек Ғалымов, Қайыржан Нұрмұханов және Құсайын Бақтиярұлын марапаттады. Сырым ауданының «Құрмет грамотасын»,  аудан әкімінің алғыс хатын  бірқатар сырымдықтарға табыс етті.

Салтанатты жиын «Тәуелсіздікке – тағзым!» атты мерекелік концертпен жалғасты.

Шынар Молданиязова

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале