5.04.2017, 17:48
Оқылды: 24

Табылдының «Сәйгүлігімен» оза шапты

Астана қаласында "Струнная капель-2017" бард әндерін орындаушылар фестивалі өтті. Аймақтық байқауға бөкейордалық өнерпаз да қатысып, жүлделі орыннан көрінді.

Өнер додасында А.Құсайынов атындағы мектебінің шәкірті Ғұмар Нұргелді топ жарып, жеңімпаз атанды.

Бард әндерін насихаттауға арналған байқауда Ғұмар «Қазақ ақындарының әндері» аталымы бойынша өнер көрсетіп, Табылды Досымовтың «Сәйгүлік» әнін орындады.

Айта кетейік, жас әнші бұған дейін де аудандық, облыстық байқауларда озық шығып жүр.

Е.АМЕНОВ

Бөкей Ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале