4.12.2017, 14:16
Оқылды: 18

Тайпақта тұрғын үй пайдалануға берілді

DSC_0458Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында екі пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған үйдің кілті тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі жандардың екі отбасына берілді.

-Биыл аудан аумағында көптеген ауқымды құрылыстар жүрген болатын.  Соның ішінде тұрғын үй құрылысы біртіндеп жүзеге асып келеді.  Чапаев, Тайпақ ауылында 12 пәтер, сонымен қатар 6 ауылда бір пәтерлік комуналдық тұрғын үй салынды. Мұның бәрі де сәтті жүзеге асып келе жатқан мемлекеттік бағдарламалардың жемісі деп білемін,-деді аудан әкімі Әділ Жоламанов.

Осы күнгі қуаныш тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шарамен жалғасты. Аудан әкімі Ә.Жоламанов ауданның көркеюіне зор үлес қосқан Бекет Мұстафиев пен Александр Шерстянкинге алғыс хат табыстады. Б.Мұстафиев көпшілік мәдени-іс шараларға демеушілік жасап жүрсе, А.Шерстянкин Тайпақ орман шаруашылығы және өсімдіктер дүниесін қорғау мекемесінің трактор жүргізушісі. Олар биылғы жазғы дала, орман өртін ауыздықтауда аянып қалмаған еңбек адамдары.

Рахмет ҚАЛИ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Таңатар СӘРСЕНҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале