12.12.2017, 12:01
Оқылды: 34

Тайпақтағы фольклорлық ансамбльге Донеділ Қажымовтың есімі берілді

Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында әнші-композиторлар Донеділ Қажымов пен Гүлнәр Дәукенованың тұрғындармен емен-жарқын кездесуі, ән кеші өтті.

Олардың туындыларын жергілікті әншілер Венера, Әнуар Нұрғалиевтер, Дәурен Ғилманов, Есенгелді Тапаловтар шырқап, кештің көркін ашты.

Осы кеште Тайпақ балалар музыка мектебінің жанынан құралған фольклорлық ансамбльдің тұсауы кесіліп, оған «Донеділ» есімі берілді.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев пен Тайпақ ауылдық округі әкімі Болат Шаленов меймандарға ізгі тілегін білдіріп, аудан әкімі Әділ Жоламановтың атынан алғыс хат, естелік сыйлықтар табыстады.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале