2.03.2017, 15:57
Оқылды: 75

Тайпақтағы «Тегін такси» мен «Тегін шаштараз»

Алғыс айту күніне орай Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында қайырымдылық акциясы өтті. «Үлкенге құрмет» деген атаумен ұйымдастырылған шарада «Тегін такси», «Тегін шаштараз» қызметтері ұсынылды.


Осынау игі шараға белсене қатысқан ауыл тұрғындары Жандарбек Құспанов, Нұрсұлтан Тажкенов, Ерлан Жарылғасов, Жәнібек Темірғалиев, Мұрат Қосжановтар жеке көліктерімен жерлестерін қажетті жеріне жеткізіп тастады. Бұның бәріне қайырымды жандар бір тиын ақы алмады.

Сонымен қатар акция аясында Шолпан Есенғалиева, Әли Төлеуғалиев сияқты шаштараздар ауылдастарына тегін қызмет көрсетіп, зор алғысқа бөленді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале