23.02.2018, 10:46
Оқылды: 19

Тайпақтың тұсында «Mercedes» өртенді

Кеше Орал-Атырау күрежолының 204 шақырымында Атыраудан шығып, БҚО-ның Зеленов ауданына бет алған «Mercedes» автомашинасы өртенді. Бұл Ақжайық ауданының Тайпақ ауылының тұсы, оқиға сағат 15.00 шамасында болған.

Тайпақ ауылындағы №18 өртпен күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізуші мен жолаушының медициналық қызметтен бас тартқанын, от қозғалтқыштың ақауынан шыққан деген болжам айтты. Көлік отырғыштарының біраз бөлігі жанып кетті, приборлар панелі зақымданды. Ақжайық аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Армат Сабырғалиевтың айтуынша, бұл аталған жолдың аудан аумағындағы бөлігінде көліктің өртенуінің биылғы бірінші оқиғасы, былтыр аудан аумағы жолдары бойында 6 көлік өртенген-ді.

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале