11.10.2018, 16:06
Оқылды: 59

Талдыапанға «Ақбұлақтың» суы жетті

Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округінде өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында таза су жүйесі іске қосылды. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов арнайы барып, талдыапандықтарды құттықтады.

IMG_0612

Шалғай елді мекендерге су желілерін тартып, ел тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған «Ақбұлақ» бағыты бүгінде ауданда қарқынды жүргізілуде. Талдыапан ауылдық округіндегі  таза ауыз су құрылысының жұмысы 778,674 млн теңге қаражатты құрады. Талдыапан, Сарықұдық, Қайшақұдық, Қособа ауылдарына су құбырын жүргізу жұмыстарын «БатысГазСтрой» ЖШС сапалы атқарып шықты. Бүгінде 1383 ауыл тұрғыны таза ауыз сумен қамтылып отыр.

Ауылдың қуанышына ортақтасуға келген өңір басшысы Алтай Сейдірұлы:

-Бұл көптен күткен қуаныш. Жалпы Қазталов ауданының 13 елді мекеніне газ тарту жұмыстарын бастадық. Ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамту - Елбасының Жолдауларындағы басым бағыттардың бірі. Таза судың игілігін көріңіздер. «Судың да сұрау бар» дейді қадірлеңіздер. Сіздер үшін мемлекет жасап жатыр. Алдағы уақыттар да жетістіктеріміз мол болсын. Жанашыр азаматтардың арқасында ауылда біраз жұмыс атқарылған,-деп құттықтау лебізін білдірді.

IMG_0581 IMG_0595 IMG_0619 IMG_0621

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале