20.02.2020, 17:14
Оқылды: 254

Талдыбұлақта би үйірмесінің концерті өтті

Сырым ауданының Талдыбұлақ мәдениет үйінде жас маман, хореграф Ақнұр Бақытжанованың ұйымдастыруымен «Ақ ырыс» би үйірмесінің концерті өтті. 

AK YRYS SYRYM

Кеште жас бишілер қазақ, ұйғыр, үнді халқының ұлттық билерімен қатар, заманауи билер мен «Тентектер» биін көрермендер назарына ұсынды. Айта кетелік, ауылға келген ізденімпаз, алғыр  жас маман өнерпаз өрендерді биге тартып, өзі жетекшілік ететін үйірме жұмысын бірден ұршықтай иіріп алып кетті. «Ақ ырыстың» құрамында бүгінде 28 биші бар. Жұмысына шын берілген хореграф қызына Ақнұрдың әкесі Манас та қолдау білдіріп, өз қаражатына видеопроектор алып берді.

Кеш соңында Ақнұр Манасқызы мен биші қыздарға ауыл әкімінің міндетін атқарушы Азамат Әбдірашев, ата-аналар атынан Р.Өтешова, Р.Ермекқалиева және өнерлі тәлімгердің рухани ұстазы,  зейнеткер Т.Халелқызы өз ризашылықтарын білдіріп, естелік сыйлық ұсынды.

                                                                   Тамара Хасанова

                                                                    Талдыбұлақ ауылы

                                                                          Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале