26.11.2018, 15:53
Оқылды: 55

Талдықұдықта «Руханият» тарихи-өлкетану музейі ашылды

Қазталов ауданы Талдықұдық ауылында Сүлеймен Есетовтың 100 жылдық мерейтойы аясында «Руханият» тарихи-өлкетану музейі ашылды.

IMG_1827

Бұл музей Талдықұдық мектебінде орналасқан. Музейдің ашылу салтанатына арнайы шақырулы қонақтар, Сүлеймен Есетовтың  ұрпақтары және ауыл тұрғындары қатысты.

62 шаршы метр аумақты қамтитын музейде 500-ге тарта жәдігер жинақталған. Музейге тапсырылған жәдігерлер 11 экспозициялы бөлімге бөлініп қойылған. Ауылдың мәдени тынысы туралы түпнұсқа жәдігерлерді қазіргі заманғы талаптарға сай жаңадан жасақтап, қорда сақталған, жинақталған тарихи құнды тиісті дәрежеде сақтап қалу мақсатында Ақжол Қазиуллин бастаған мектеп ұжымы әскер іс атқарса, ауыл әкімшілігі және тұрғындары, әр жылғы түлектер мен шаруа қожалықтары демеушілік жасап, қолдау көрсеткен.

Өз жұмысын бастаған музей әлі де жәдігерлер жинақтап, музей қорын кеңейтуді көздеп отыр.

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале