24.01.2018, 11:41
Оқылды: 24

Талдықұдықтағы мектепке күрделі жөндеу жасалады

Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Талдықұдық ауылының тұрғындарына есеп берді.
-Талдықұдық ауылындағы С.Есетов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен 5 млн.теңге тұратын жобалық сметалық құжаттары жасақталды. Сонымен қатар Талдықұдық ауылын ұялы байланыс мұнарасының құрылысы, жобалық сметалық құжатына қаржы қарастырылып отыр,-деді Абат Шыныбеков.
Талдықұдық ауылдық округінің әкімі Арман Алдабергенов өткен жылды қорытындылап, биылғы жылдың жұмыс жоспарымен бөлісті. Осы есеп беру жиынына облыстық мәслихат депутаты, аудандық дербес мекеме кәсіпорын басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Мекеме басшыларына ауыл тұрғындары сауалдарын жолдап, бөлім басшылары тиісті жауаптарын қайтарды. Жиын барысында аудан әкімі Абат Абайұлы талдықұдықтық тұрғындардың көтерген ұсыныс пікірлерін ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,
Талдықұдық ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале