14.01.2019, 11:00
Оқылды: 26

Талдыпанда суармалы жерлер үшін канал қазылуда

Қазталов ауданының Талдыапан ауылына қостанайлық «Зерновая индустрия» аграхолдингі бес мың бас ірі қара малына арналған мал бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр.

 taldyapan (1)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін суармалы жерлер мен көлдетіп суару алқаптарын  пайдалану қажет .

Аталмыш ауылда орналасқан «Лиман 55» су жүргізу каналының жер актісі мен техникалық паспорты жасақталып, каналды іске қосуға жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жобаның құны 47 млн. 78 мың теңгені құрап, облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Жоба іске қосылған жағдайда Жаңақала ауданы Дөңгелек су қоймасынан келетін су қоры Қайшақұдық ауылы маңындағы суармалы жерлер мен көлдетіп суару алқаптарына молынан жетпек. Ұзындығы 11 шақырым каналды тереңдету және ашу жұмыстарын «Ай Темір-Құрылыс» ЖШС атқаруда. Бүгінгі күнде мердігер каналдың 2,4 шақырымын тазалап бітірген.

Аудан әкімі Абат Шыныбеков «Лиман 55» су жүргізу каналына арнайы барып, «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Төлеген Ғұмаров және «Ай Темір-Құрылыс» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында мердігер каналды аршу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтайтынын айтса, аудан әкімі жұмысты сапалы жасауды қатаң тапсырды.

taldyapan (3) taldyapan (4)

Қайрат Жақып,

Қазталов ауданы

 

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале