23.11.2018, 17:23
Оқылды: 53

Тәлім мен тәрбиенің қайнары

Бабалар салған із тасқа ойылып басылған таңбадай мәңгі өшпейді. Сол сара жолмен жүріп, бабалар салған жолды жетік меңгеру – жүрегі «қазақ» деп соққан әр пенденің парызы.

Бекениязов

Біз тарихи тамырымызға оралу арқылы ата-баба ізің жалғастырар ұрпақ бойында отансүйгіштік, елі мен туған жері үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелей аламыз. Сонау қазақ даласын жайлаған «аң стилі» мәдениетінен бастап қазіргі заманғы сананың тарихи жаңғыруын қамтыған бүгінгі күннің ең көркем, тәлім мен тәрбиенің қайнарына айналар еңбектің бірі – Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы деп білемін.

Бұл мақала – түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас халықтардың да ортақ игілігіне айналары хақ. Біздің халықтың арғы тегі кім болғандығы, қанымыз бен жанымыздың қаншалықты қайсар екендігі еліміздің тарихы жазылған парақтарында айқын көрсетілген. Соны көкейімізге мықтап сақтау арқылы болашақта біз әлемде өз орнымызды нақтылап алған, дамыған алпауыт елдер қатарында нық қадам басқан елге айналатынымыз сөзсіз.

Өмірбек БЕКЕНИЯЗОВ,

 Шыңғырлау аудандық мәдениет,

тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале