21.01.2020, 11:11
Оқылды: 61

Талов пен Борсының су мәселесі шешілмей отыр

Жәнібек ауданының Жақсыбай, Талов, Борсы ауылдық округтерінде аудан әкімі Азамат Сафималиев пен аталған ауылдардың әкімдері Алмат Қаратаев, міндетін уақытша атқарушы Нұрдәулет Қыдырғалиев және Айгүл Бекқалиеваның жыл бойы атқарған жұмысы жөнінде есепті кездесу өтті.

janibek (3)

 Оған аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов және дербес бөлім басшылары қатысты. Кездесуге жиналған жұртшылық аудан, ауыл әкімдерінің баяндамаларын тыңдады.

Аудан әкімі осы ауылдардағы басты мәселелерді атады. Оның айтуынша, Жақсыбай ауылындағы М.Ықсанов атындағы мектеп-балабақша кешені мен фельдшерлік-акушерлік пункті, Талов ауылдық округінің мәдениет үйі, Борсы ауылындағы медициналық пункт күрделі жөндеуді қажет етсе, Талов пен Борсының су мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар жарыссөзге жазылған жақсыбайлық Шамиль Досжанов бұрын тереңдігі 4-5 метр болған мал суаратын су тоғаны қазір тереңдігі 2 метрге жетпейінін айтып, тазалап беруді сұрады. Ғибатолла Мекетаев мал ұрлығының көбейіп кеткенін жеткізді.

janibek (4)

Сол сияқты Талов ауылының тұрғындары Айгүл Абдуллина мен Ұлболсын Қонысбаева ауылдың шетінде су жиналатын тоғанды тазалау керектігін, «Қазпошта» байланыс торабы ғимаратының салқындығын айтты. Сондай-ақ Борсы ауылының тұрғыны Мейірбек Наурызәлиев су мәселесі мен фельдшерлік-акушерлік пункті сөз етті.

Гүлзара Тілекқабылқызы

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале