22.01.2021, 12:05
Оқылды: 27

Таловтық тұрғындар әкімдердің жұмысын оң бағалады

 Жәнібек ауданының Талов ауылдық округінде аудан әкімі Азамат Сафималиев пен ауылдық округ әкімі Нұрдәулет Қыдырғалиев жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, есеп беру жиынын өткізді.

916F6253-4DD4-4D2E-802A-8E368F834BA4

«2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес - 2020» бағдарламасы бойынша былтыр 13 шаруа қожалығы мен 2 ауыл шаруашылығы кооперативі 3434 бас аналық малға 34 млн. 346 мың 700 теңге көлемінде демеуқаржы алды. Бобров және ауылдың су қоймасына Сарыөзеннен сусорғы арқылы су жіберілді. Аудандық бюджеттен 10 млн. теңге қаржы бөлініп, 1260 текше метр су құбыры жаңадан ауыстырылды. Ауыл тұрғыны, мәдениет үйінің директоры Жасұлан Пайдин мәдениет ошағы күрделі жөндеуден өтіп, керемет қалыпқа енгені үшін ауданның басшы-қосшыларына алғысын білдіріп, әкімдердің атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Сонымен қатар ауыл тұрғыны Валентина Досқалиева Талов ауылының медициналық пунктіне рахметін айтып, медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол өзінің сұрағын ортаға салды. Оның айтуынша, үш жылдан бері шабындық жер ала алмай отыр.

822333CF-ED4A-41BA-8DB8-532F43311860

-Талов ауылының айналасындағы жерлер басқа біреуде. Шаруа қожалық ашқан кезде жер берді. Бірақ ол жерде ешқандай жайылым жоқ. Қайта-қайта аудандық жер қатынастар бөліміне бардық, сұрадық,-деді ол. Аудан басшысы осы мәселеге қатысты тиісті жауап берді. Аудан әкімінің сөзінше, шабындық жерлерге арыз жазып, конкурсқа қатысып, ұтып алу керек деді.

Ауыл тұрғындары аудан, ауыл әкімдерінің жыл бойы атқарған жұмысына қанағаттанды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале