12.12.2018, 11:59
Оқылды: 47

Танымал әнші жерлестеріне сый жасады

Халықаралық деңгейдегі әнші, композитор Марат Сарбөпеев Тәуелсіздік мерекесіне орай теректіліктерге шығармашылық кешін ұсынды.

 IMG_0013                                              

Марат Мәулетұлы - республикалық «Жас қанат» байқауының дипломанты, республикалық Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным», халықаралық Е.Хасанғалиев атындағы «Атамекен» конкурстарының лауреаты, «ЖаҺан дала» халықаралық фестивалінің бас жүлде иегері. Белорусь Республикасындағы «Золотой шлягер», Мальта аралындағы «Мальтийская песня» халықаралық конкурстарының лауреаты, «Азия дауысы», «Шабыт миллениум» халықаралық фестивальдерінің дипломанты  және «Алтын домбыра» Президенттік сыйлығының иегері, Теректі ауданының құрметті азаматы, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі.

         Шығармашылық кешін әнші «Сәлем, саған, туған ел» әнімен ашып, әрі қарай Шәмші әндерінен попурри орындады. Өзі сөзін де, әнін де жазған «С днем рождения, Астана» туындысы да көпшіліктің қошеметіне бөленді. Талантты әншінің репертуарында Е.Хасанғалиев, Ш.Қалдаяқов, сонымен қатар А.Пахмутова, В.Добрынин, Ю.Антонов, О.Газманов, Соловьев-Седой және көптеген Қазақстан мен шетел композиторларының әндері бар.

         Кеш барысында әншіні қолдап келген, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, республикалық, халықаралық әншілер байқауының лауреаты Күләш Қуанышқалиева, «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Назерке» халық биі ансамблі өнерлерін көрсетті.

         -Елбасы Н.Назарбаев әр азамат туған өлкесінің көркеюіне үлесін қосу керек деген болатын. Осы сөздер менің жадымнан шыққан емес. Бүгін тәу етер Тәуелсіздігіміздің мерекесі қарсаңында туған жеріме келіп, шығармашылығымдағы жаңалықтармен бөліскім келді. Сонымен бірге бүгін менің туған күнім еді. Дүниеге келген күнімді теректіліктермен өткізуді жөн санадым. Мен Ресейде, Украинада, Македонияда, тіпті АҚШ-тың Голливудында өнер көрсеттім. Алайда, бәрі менің Теректімнің сахнасына жетпейді,-деп кешті қорытындылады Марат Сарбөпеев.

IMG_0023 IMG_0043

Әділет ОРЫНБАСАРОВ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале