22.11.2018, 12:28
Оқылды: 59

Тарих зерделене түспек

Түп тамырымызды біліп, өркениет көшінде өркеніміз өсу үшін Елбасымыз тың ұсыныстарын алға тартты. Осыған дейін жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасының және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылатын «Ұлы даланың жеті қыры» атты еңбекте тарихи тамырымыздың тереңде жатқаны айтыла келіп, ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті және сұранысқа ие болуын қамтамасыз етуге байланысты зор істер, міндеттер кеңінен қаузалған.

юлия

Біздің музей ұжымы дәуір талабына сай ауқымды істерге жауапкершілікпен ұмтылып келеді. Бүгінде музей қорында жалпы 8 637 жәдігер бар. Соның бәрін толыққанды игеріп, мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болу үшін цифрлық форматқа көшіру біртіндеп жүргізіліп келеді. Осындай істерді ширата отырып, жәдігерлер қорын толықтыру жөнінде қам-қарекетке серпіліс үстейтін боламыз. Барлық мүдделі мекемелермен байланысты жаңа сатыға көтеру де басты назарымызда ұсталуда. Аталған бағдарламалық мақала осындай бүкіл жұмыстың рухани маңызын жауапты барлық мекеме, ұйымдардың қаперіне салды.

Юлия НҰРЛАНҚЫЗЫ,

Ақжайық аудандық тарихи-өлкетану

 музейінің экскурсоводы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале