11.04.2017, 10:32
Оқылды: 53

Тарихшы мұғалімдер ғылыми жұмыстарын ұсынды

Т. Жароков  атындағы орта мектепте ауданның білім ордаларында тарих пәнінен сабақ беріп, өлке тарихына қызығушылық танытатын ұстаздардың қатысуымен «Жәнібек ауданы – Сталинград майданының жақын тылы» атты ғылыми-тәжірибелік шығармашылық байқауы өтті.

Шара мақсаты -  ҰОС жылдарында Жәнібек жерін соғыс оты шарпып өткенін, сонымен қоса аудан Сталинград майданының жақын тылы болғанын шығармашылық еңбек арқылы жеткіншек ұрпаққа таныту, тәуелсіз еліміздің төл перзенттеріне патриоттық тәрбие беру, отаншылдық рухта баулу, қан майданда тобықтан қан кеше жүріп, жеңіс жалауын желбіреткен майдангерлерді дәріптеу.

Байқау барысында аталған тақырып бойынша сегіз материал түсіп,  алдын ала құрылған қазылар алқасының қатаң сұрыптауынан өткен төрт жұмыс жұртшылыққа  ұсынылды.

Нәтижесінде Ғ.Абдоллин атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қайрат Кенжеғалиев жеңімпаз атанды. Сәйкесінше, Т. Жароков мектебінің ұстазы Жасқайрат Қарғин мен М.Ықсанов атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Альбина Шанкишева II, IIIорындарды бөлісті. Ал Ө.Сақыпов атындағы мектебінен келген тарихшы ұстаз Роллан Исатаев белсене қатынасқаны үшін алғыс хатқа ие болды.

Жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале