28.02.2018, 10:55
Оқылды: 19

Тәртіп сақшылары тұрғындармен кездесуде

 

Тұрғындар арасында кейбіреулердің теріс діни үгіт-насихат жүргізуіне жол бермеу мақсатында Ақжайық ауданындағы Тайпақ полиция бөлімшесі 8 ауылдық округте халықпен жүздесулер ұйымдастырылды.

Бұл шараларда аудан орталығынан теолог Жалғас Маратов, Чапаевтағы мешіттің найб-имамы Еламан Жақсыбаев, Тайпақ ПБ жергілікті полиция қызметінің басшысы Қылыш Ғабдуалиев деструктивті бөтен ағым әкелуі ықтимал зардаптар, теріс идеологияның қырсығы шалған кейбір қазақстандықтар бастан өткерген азаптар жайында баяндады.

– Жүздесулер барысында көптеген қыз-жігіттің, мектеп оқушыларының сұрақтарына жауап берілді. Құрайлысай, Есенсай, Қарауылтөбе, Тайпақ, Алмалы басқа да ауылдық округтер жұртының жат ағымдардан сақтану жолындағы белсенділігіне риза болдық. Алдағы кезде де аталған тақырыпқа байланысты шаралар өткізіліп тұратын болады,- дейді Тайпақ полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Нұрлан Сәрсенғалиев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале