15.12.2016, 15:27
Оқылды: 30

Тасқалада қонақ үй кешені пайдалануға берілді

screenshot_2016-12-16-01-33-10-1Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында аудан орталығында жаңа қонақ үй кешені ашылды.
Заманауи талапқа сай жабдықталған қонақ үйдің ашылу салтанатына аудан әкімі Санжар Әлиев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, аталмыш кешен иесі, кәсіпкер Қуан Тасқалиевке толағай табыс тіледі.


«Баршаңызды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын. Бүгін, міне, ауылымызда тағы бір керемет нысан ашылып отыр. Бұл - Қуан Бақтығалиұлының екі жылда салып бітірген қонақ үй кешені. Сіз ширек ғасырдың ішінде өз кәсібіңізді дөңгелетіп, аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, абыройлы қызмет көрсетіп келесіз. Ең басты мерекеміз – Тәуелсіздік күні қарсаңында есігін айқара ашқан қонақ үй тек халықтың игілігіне қызмет етсін», - деді өз сөзінде Санжар Жұматайұлы.

Бұл кешенді кəсіпкер Қуан Тасқалиев «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекетік бағдарламасы арқылы 59 млн. теңге қаражатқа салып бітірген. Жалпы аумағы 856,1 шаршы метр кешеннің бірінші қабатында көлік жөндеу бекеті, екінші қабатында қонақ үй, ал үшінші қабатында 300-350 орындық мейрамхана орналасқан. Сонымен қатар кәсіпкер енді 15-ке тарта адамды жұмыспен қамтымақ.

Манас ӘЖІҒАЛИЕВ
Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале