15.12.2016, 11:18
Оқылды: 47

Тасқалада спорт алаңы ашылды

screenshot_2016-12-15-22-43-52-1Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Достық ауылдық округінде шағын спорт алаңының салтанатты ашылуы өтті.


Шараға қатысқан аудан әкімі С.Әлиев ашылып жатқан нысанның өскелең ұрпақтың тек бос уақытын қамтып қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал ететінін атап өтті.
screenshot_2016-12-15-22-44-58-1Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің әр ауылдық округтеріне арнайы қордан қаржы бөлінген болатын. Бүгінгі ашылып жатқан шағын спорт алаңы осы қаражат арқылы салынды. Жалпы сомасы 6 млн. 781 мың теңгені құрайтын алаңды «Жаса» ЖШС» әлеуметтік-өндірістік мекемесі салды.

Ж.Құсайынов
Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале