12.06.2017, 16:48
Оқылды: 19

Тасаттықтан соң жаңбыр жауды

Жаңақала ауылының тұрғындары қыстан аман шыққандары үшін және қалыптасқан ел бірлігінің сақталуы жолында  тасаттық берді.  Садақаның артынан көп кешікпей жаңбыр жауып, табиғат нұрын төкті. Табиғаттың бұл тылсым құбылысын жаңақалалықтар тілеген тілегін Жаратушымыздың қабыл алуы деп біледі.

Тәуелсіздік саябағында жиналған жұрт құрбандыққа мал шалып, көпшілікке дастархан жайып, құран оқып, дұға жасаумен жаратушы Алладан жаңбыр тіледі.

Өміріміз қалыпқа түсіп, ынтымағымыз жарасқанда осындай салиқалы, қайырымды амалдарды жасауды ұмытпаған жөн. Себебі осы жақсылықтың барлығы Алладан және мұндай игі істер адамдардың бірлігін, имандылығын,  ортақ іске ұйымшылдығын арттыра түседі.

Н.ҒАББАС

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале