20.10.2017, 17:34
Оқылды: 25

Тасқала аудандық қамқорлық үйінде 29 қария бар

Құрылғанына ширек ғасыр болған Тасқала аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы өз мерейтойын атап өтті.

Мерейтойға келген қонақтар алдымен мекеме ішін аралап, жұмыс барысымен танысып шықты. Қызмет алушылардың хал-жағдайын сұрап, ақсақалдар мен кейуаналарымызға денсаулық тіледі.

-25 жылдық тарихы бар мекемеде осы уақыт аралығында барлығы 183 адам қызмет алған. Соның ішінде 35 жан өз еркімен шығып кетсе, 119-ы мәңгілік сапарға аттанған. Қазіргі таңда 30 кісіге арналған мекемеде 29 қария тәрбиеленуде. Оларға мемлекеттік лицензияға сәйкес бюджет қаражаты есебінен  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеледі, - деді аталмыш мекеме басшысы Г.Тұрғаналиев.

Мерекелік жиын аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары концертіне ұласты.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале