8.06.2018, 15:38
Оқылды: 27

Тасқала ауданында 98 түлек тестілеуге қатысады

Бұл туралы аудандық білім бөлімінің бас  маманы Гүльмира Батырғалиеваға  мәлім етті. Оның айтуынша, 140 мектеп бітірушінің 98-і тестілеуге қатысуға өтініш білдіріп отыр. Аудан бойынша «Алтын белгіге» үміткер 14 түлек бар екен.

-Мектеп бітірушілер былтырғы жылғыдай екі емтихан тапсырады. Олар: мектепте өтетін қорытынды аттестация және тестілеу пункттерінде өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу. Жоғары оқу орнына түсу емтихандары 5 пәннен тұрады. Оның ішінде 3 міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән. Максималды балл - 140. Шекті деңгей – 50 балл. Барлық білім ордаларында емтихан  29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді, - деді Гүльмира Боранғалиқызы.

Жыл сайын білім көрсеткіші бойынша алдыңғы үштіктен көрініп келе жатқан тасқалалықтар биыл да оң нәтиже көрсетеді деп сенеміз.

         Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале