14.09.2018, 16:50
Оқылды: 60

Тасқала ауданының 85 жылдығы тойлануда

Бүгін Тасқала ауданының 85 жылдығына орай шаралар басталды.

марапат

«Ешкітау етегіндегі еңселі ел» атты мерейлі шарада көпшілік алдымен балалардың мектептен тыс жұмыс орталығында бас қосып, «Азалы ана» мемориалдық ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мұнан соң аудан мақтаныштарына арналған «Құрмет тақтасының» салтанатты ашылуына қатысты. Қонақтарға қош келдің айтқан аудан әкімі А.Халелов тұрғындар үшін бүгінгі күннің айтулы екенін жеткізді.

-Атамекеніміздің мерейін асқақтатып, мерекемізді тойлап отырмыз. Бүгінгі күннің мақсаты да тек той тойлау емес, өткенді сараптап, болашақты бағдарлайтын қадам жасау. Осы уақытқа дейін ауылымыз қаншалықты өсті, қандай деңгейге жетті деген сауалға жауап алуымыз керек,- деді Алдияр Сансызбайұлы.

Сондай-ақ аудан күніне орай жасақталған «Құрмет тақтасының» бой көтеруіне қаржылық көмек көрсеткен жеке кәсіпкер Замир Сәрсенбаевқа алғысын білдірді.

         Тақтаға жазылған ауданның ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа өнеге бола білген соғыс және еңбек ардагерлері, еңбек майталмандары мен аудан үздіктеріне, түрлі саланың тұтқасын берік ұстаған қызметкерлерге  куәлік табыс етті.

         Салтанатты ашылудан соң жиын қатысушыларына аудандық мәдени-демалыс орталығында ашылған музей таныстырылды. Кешенге қойылған көне жәдігерлер аудан топырағынан табылса, тағы бір бөлігін тұрғындар сыйға тартқан.

         Содан соң мерекелік басқосу жерлестер форумына жалғасты.

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

Г8л шо5ы гимн

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале