25.12.2018, 10:56
Оқылды: 31

Тасқала ауданының әкімі фестиваль жеңімпаздарымен жүздесті

Жас қаламгерлердің талабын ұштаған облыстық «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінің жеңімпаздарын Тасқала ауданы әкімі А.Халелов қабылдап шығармашылықтарына табыс тіледі.

    orimtal (2)
- Кіндік қандарың тамған қасиетті мекен мен білім нәрін құйған алтын ұя-мектеп өмірі сіз үшін таусылмас тақырып. Қауырсын қаламнан туған жағымды жаңалықтардың жаршысы болып жүрген сіздерге алғыс айта отырып, зор табыс тілеймін. Әрдайым білім-бәйгесінде мәре сызығын бірінші боп кесуіңізге тілектеспін. Аудан намысын қорғап, биік белесті бағыңдыра беріңдер, - деді өз сөзінде Алдияр Сансызбайұлы.

         Қабылдауға арнайы келген «Жайық Пресс» медиахолдингі директорының аға кеңесшісі Нұрсұлтан Ертуғанұлы өз кезегінде қаламгерлерге қолдау білдірген аудан басшылығына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ бас директор Рауан Сәбитұлының атынан Алдияр Сансызбайұлына алғыс хат табыс етті.

- Газет оқыған жанның мәдениеті биік болады дейді екен бұрынғылар. Бүгінде осы салада қызмет атқарып келе жатқан жергілікті әріптестерімізге қолдау білдіріп отырғаныңызға алғысымды білдіремін. Жас қаламгерлердің басын қосып, ұйымдастырылған «Өрімтал» фестивалінде тасқалалықтар алдан көрініп, қатысушылардың барлығы арнайы жүлдемен марапатталды. Алдағы уақытта өздеріңізбен бірігіп қызмет атқара береміз деген ойдамын,-деді Нұрсұлтан Ертуғанұлы.

Айта кетейік, «Жайық Пресс» медиахолдингі ұйымдастырған «Туған жер» этно-мәдени жобасы аясында өткен «Өрімтал» жас тілшілер фестивалінен тасқалалық оқушылар олжалы оралды. Ашып айтқанда, Г.Татаханова Тұманбай Молдағалиев атындағы, К.Мұратова Балтабай Әділ атындағы және А.Жалқатова Сағат Әшімбаев атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

orimtal (1) orimtal (3)

Әсемгүл Бекешева,

Тасқала ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале