10.11.2017, 11:36
Оқылды: 19

Тасқала халықтық театры ІІ орынға ие болды

111_3726Оралда Қазақстанның халық әртісі Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған аймақтық халықтық театрлар фестивалі қорытындыланды.

 Фестивальде Тасқала халықтық теарты жүлделі ІІ орынға ие болды. Аудан көркемөнерпаздары Н.Қамидің «Хан Кененің арманы» тарихи драмасын сахналаған болатын. Ел басына күн туған шақта қолына қару алған батыр бабалар рухына тағзым етіле қойылған туынды көптің көңілінен шықты. Аласапыран заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, дүйім жұртты біртудың астына жинай білген Кенесарының хан атанып, таққа отыруы арқылы елдің алға басқан қадамы сипатталды.

Сондай-ақ халық арасында туындаған алауыздық та, өзара көреалмаушылықпен қызғаныш та назардан тыс қалмады. Тарихқа тіл бітірген өнерпаздар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, аталмыш театр 27-29 қазан күндері Атырау облысында «Театр сарқылмас қазына» атты аймақтық театрлар фестивалінде жүлделі үшінші орынды жеңіп алған еді.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz


Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале