15.08.2018, 14:45
Оқылды: 27

Тасқалада 22 құқық бұзушылық анықталды  

 

janarmai stancasiТасқалада жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында және апаттылықтың ауырлық деңгейін төмендетуге байланысты 2018 жылдың 8-10 тамызда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.


 

Тасқала АІІб-нің ӘПБ қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын ұйымдастырды. Әсіресе, жол қозғалысы ережесінің қателіктеріне көңіл бөлінді. Профилактикалық шара кезінде көлік жүргізушілер тарапынан 22 құқық бұзушылық анықталды.

Көлікті мас күйде басқарған 3, жылдамдықты асырғаны үшін 10, техникалық байқаудан өтпеген көлікті айдаған 4, қауіпсіздік белдігін тақпаған 2, телефон пайдаланған 2 жүргізуші, көлікті құжатсыз жүргізген 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

                                               Сәкен ҚАЗЖАНОВ,

Тасқала АІІб-нің ӘПБ,

аға МАИ полиция майоры

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале