6.03.2018, 12:37
Оқылды: 15

Тасқалада 7 тұрғын газдан уланды

Тасқала ауданында соңғы екі аптада 7 тұрғын табиғи газдан уланған. Бұл туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мәди Шауенов айтты.

-Ауа райы суытқан кезде тек өрт емес, кей кездері адамның өліміне әкеліп соғатын улы газдан улану жағдайларының саны өседі. Улы газ – пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан, тазаланбаған мұржалардан туындайды. Тұрғындардың улану себептері мұржаның уақытында тазаланбауынан. Негізінен үш айда бір рет мұржаны тазалап отыру қажет. Халық мұқият болса екен, қажетті кезінде тазалап отырса, қажет болса арнайы маманды да шақыртуға болады, - дейді Мәди Тахирұлы.

Айта кетейік, 17-21 жас арасындағы 3 қыз, жастары жетпіске таяған екі тұрғын  немерелерімен уланған. Аудандық орталықтандырылған ауруханада бір күн жатып, ем қабылдаған. Қазір жағдайлары қалыпты.

Д.БЕРІШ,

Тасқала ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале