31.10.2018, 12:25
Оқылды: 52

Тасқалада әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Тасқала әлеуметтік сала қызметкерлері күніне арналған шара ұйымдастырылып, бір топ маман алғысхаттар мен арнайы дипломдармен марапатталды.

tasqala sala

Мерекелік шараға арнайы қатысқан аудан әкімі А.Халелов қызметкерлерді төл мейраммен құттықтап, жетістік тіледі.

-Көзге көрінбейтін, көпшілік бағасын әділ бермейтін қызметті атқарып отырған бүгінгі күннің батырысыздар. Бөтен жандардың халін түсініп, шын жүректен жәрдемдесіп, қабақ шытпай жүрген сіздерге Алла разы болсын. Сіздерге аудан тұрғындары атынан, тағдыр талқысына ұшырап, көмектеріңізге зәру болып отырған жандардың атынан алғыс білдіремін,-деді Алдияр Сансызбайұлы.

Мұнан соң БҚО мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағы атынан Құрмет грамоталары табыс етілді. Оған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Э.Аменова мен «Тасқала аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме» есепшісі Н:Сатқанова ие болды.

Жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Абдырахманова, әлеуметтік қызметкер Г.Мусралиева және үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің кеңесшісі С.Қаратаев БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Ал әлеуметтік қызметкерлер Н.Берденова, М.Балмулдина мен жұмыспен қамту орталығының консультанты Ж.Габбасоваға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

Бұған қоса марапатқа ие болғандар қатарында әлеуметтік қызметкерлер Д.Төлешова, Г.Жармұханова, Л.Хамиева, аудандық жұмыспен қамту орталығының ассистенттері Г.Беккалиева, А.Габдулова, аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекеме аспазшысы Ж.Сомова, санитар тазалаушы Г.Давлтьярова бар.

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале