12.02.2018, 15:06
Оқылды: 29

Тасқалада «Ашық есік күні» өтті

 

Ашық есік күні (2)Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиевтің қатысуымен «Ашық есік» күні өтті.

Оған аудан прокуроры Мейірхан Ізімов, аудан әкімінің орынбасары Люция Жұбанышқалиева мен аудандық мекеме басшылары қатысып, тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауда болған аудан халқы көкейінде жүрген өтініштерін айтып, мекеме басшыларынан тиісті жауаптарын алды.

Шарада көтерілген  негізі сұрақтардың басым көпшілігі кәсіп, коммуналдық, жер қатынастары, құрылыс, құқық қорғау бойынша және құжаттарды рәсімдеуге ықпал ету болды.

Елді мазалған сұрақтарды тыңдаған билік өкілдері азаматтарға заңды көмек көрсетіп, әр мәселені қалай шешуге болатындығын түсіндірді.

Д.БЕРІШ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале